Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Тұрғын үйлерді қабылдау бойынша

АНАЛИТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

 

 

2017 жылдың 1-тоқсанында облыс бойынша 137 962 ш.м. болатын тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде тұрғындардың қаржысы есебінен жалпы ауданы 114 000 ш.м.  болатын 845 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданса, мемлекет пен басқа да қаржы көздерінен жалпы ауданы 23 962 ш.м. болатын көп қабатты 5 тұрғын үй пайдалануға қабылданды.

Ал, 2018 жылдың  1-тоқсанында облыс бойынша 106 528 ш.м. болатын тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде тек тұрғындардың қаржысы есебінен жалпы ауданы 106 528 ш.м. болатын 868 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданды.

Бұл 2017 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 77,2 пайызға төмендегенін көрсетті.


АНАЛИТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

     Облыс әкімдігінің жанындағы

 сәулет-қала құрылысы Кеңесі бойынша

 

2016 жылы облыс әкімінің жанындағы сәулет және қала құрылысы Кеңесінің - 2 мәжілісі өткізіліп, онда облыс көлемінде салынуы жоспарланған объектілер бойынша 6 жоба  қаралып, талқылаудан өткізілді.

Ал, 2017 жылы облыс әкімінің жанындағы сәулет және қала құрылысы Кеңесінің 2 мәжілісі өткізіліп, онда облыс көлемінде салынуы жоспарланған объектілер бойынша 7 жоба  қаралып, талқылаудан өткізілді.

 

Тұрғын үйлерді қабылдау бойынша

 

2016 жылы тұрғындардың қаржысы есебінен облыс көлемінде жалпы ауданы 390 022 ш.м.  болатын  2 973 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданса, мемлекет пен басқа да қаржы көздерінен жалпы ауданы 153 674 ш.м. болатын көп қабатты 48 тұрғын үй пайдалануға қабылданды. Барлығы 543 696 ш.м.

Ал, 2017 жылы тұрғындардың қаржысы есебінен облыс көлемінде жалпы ауданы 442 458 ш.м. болатын 3 367  жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданса, мемлекет пен басқа да қаржы көздерінен жалпы ауданы 152 428 ш.м. болатын көп қабатты 44 тұрғын үй пайдалануға қабылданды, барлығы 594 886 ш.м. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 109,4  пайызға өскендігін көрсетті.


АНАЛИТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

     Облыс әкімдігінің жанындағы

 сәулет-қала құрылысы Кеңесі бойынша

 

2016 жылдың 9 айы бойынша облыс әкімінің жанындағы сәулет және қала құрылысы Кеңесінің -  1 мәжілісі өткізіліп, онда облыс көлемінде салынуы жоспарланған объектілер бойынша 2  жоба  қаралып, талқылаудан өткізілді.

Ал, 2017 жылдың 9 айы бойынша да облыс әкімінің жанындағы сәулет және қала құрылысы Кеңесінің 1 мәжілісі өткізіліп, онда облыс көлемінде салынуы жоспарланған объектілер бойынша 6  жоба  қаралып, талқылаудан өткізілді.

 

Тұрғын үйлерді қабылдау бойынша

 

2016 жылдың 9 айы бойынша тұрғындардың қаржысы есебінен облыс көлемінде жалпы ауданы 287 096 ш.м.  болатын  2 187 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданса, мемлекеттің есебінен жалпы ауданы 55 378 ш.м. болатын  көп қабатты 22 тұрғын үй пайдалануға қабылданды. Барлығы 342 474 ш.м.

Ал, 2017 жылдың 9 айы бойынша тұрғындардың қаржысы есебінен облыс көлемінде жалпы ауданы 332 148 ш.м. болатын 2 513  жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданса, мемлекет пен басқа да қаржы көздерінен жалпы ауданы 83 833 ш.м.. болатын 21 тұрғын үй пайдалануға қабылданды, барлығы 415 981 ш.м. Бұл 2016 жылдың  9 айымен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 121,4  пайызға өскендігін көрсетті.


АНАЛИТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

     Облыс әкімдігінің жанындағы

 сәулет-қала құрылысы Кеңесі бойынша

 

2016 жылдың I-ші жартыжылдығы бойынша облыс әкімінің жанындағы сәулет және қала құрылысы Кеңесінің -  1 мәжілісі өткізіліп, онда облыс көлемінде салынуы жоспарланған объектілер бойынша 2  жоба  қаралып, талқылаудан өткізілді.

Ал, 2017 жылдың I-ші жартыжылдығы бойынша да облыс әкімінің жанындағы сәулет және қала құрылысы Кеңесінің 1 мәжілісі өткізіліп, онда облыс көлемінде салынуы жоспарланған объектілер бойынша 6  жоба  қаралып, талқылаудан өткізілді.

 

Тұрғын үйлерді қабылдау бойынша

 

2016 жылдың I-ші жартыжылдығы бойынша тұрғындардың қаржысы есебінен облыс көлемінде жалпы ауданы 177 310 ш.м.  болатын  1 410 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданса, мемлекеттің есебінен жалпы ауданы 44 491 ш.м. болатын  көп қабатты 19 тұрғын үй пайдалануға қабылданды, барлығы 221 801 ш.м.

Ал, 2017 жылдың I-ші жартыжылдығы бойынша тұрғындардың қаржысы есебінен облыс көлемінде жалпы ауданы 214 126 ш.м. болатын 1 613  жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданса, мемлекет пен басқа да қаржы көздерінен жалпы ауданы 83 679 ш.м.. болатын 19 тұрғын үй пайдалануға қабылданды, барлығы 297 805 ш.м. Бұл 2016 жылдың  I-ші жартыжылдығымен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 134,2 пайызға өскендігін көрсетті.


Облыс әкімдігінің жанындағы

 сәулет-қала құрылысы Кеңесі бойынша

 

2016 жылдың I-тоқсаны бойынша облыс әкімінің жанындағы сәулет және қала құрылысы Кеңесінің-1 мәжілісі өткізіліп, онда облыс көлемінде салынуы жоспарланған объектілер бойынша 2  жоба  қаралып, талқылаудан өткізілді.

Ал, 2017 жылдың I-тоқсаны бойынша облыс әкімінің жанындағы сәулет және қала құрылысы Кеңесінің мәжілісі өткізілмеді.

 

Тұрғын үйлерді қабылдау бойынша

 

2016 жылдың I-тоқсаны бойынша облыс тұрғындарының қаржысы есебінен облыс көлемінде  жалпы ауданы 88 682 ш.м.  болатын  610 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданса, мемлекеттің есебінен жалпы ауданы 15 246 ш.м. болатын  көп қабатты 13 тұрғын үй пайдалануға қабылданды.

2017 жылдың I-тоқсаны бойынша облыс тұрғындарының қаржысы есебінен облыс көлемінде жалпы ауданы 107 797 ш.м. болатын 755 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданса, мемлекет пен басқа да қаржы көздерінен жалпы ауданы 12 815 ш.м. болатын 3 тұрғын үй пайдалануға қабылданды. Бұл 2016 жылдың 1-тоқсанымен   салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 125,7 пайызға өскендігін көрсетті.

 


   2016 жылдың қорытындысы бойынша облыс әкімдігінің жанындағы

 сәулет-қала құрылысы Кеңесі бойынша

 

2015 жылдың 12 айы бойынша облыс әкімінің жанындағы сәулет және қала құрылысы Кеңесінің - 7 мәжілісі өткізіліп, онда облыс көлемінде салынуы жоспарланған объектілер бойынша 30  жоба  қаралып, талқылаудан өткізілді. Ал, 2016 жылдың 12 айы бойынша облыс әкімінің жанындағы сәулет және қала құрылысы Кеңесінің - 2 мәжілісі өткізіліп, онда облыс көлемінде салынуы жоспарланған объектілер бойынша 6 жоба келісімнен өтті.

 

Тұрғын үйлерді қабылдау бойынша

2015 жылдың 11 айы бойынша облыс тұрғындарының қаржысы есебінен облыс көлемінде  жалпы ауданы 291 162 ш.м.  болатын 2 114 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданса, мемлекеттің есебінен жалпы ауданы 83 148 ш.м. болатын 29 тұрғын үй пайдалануға қабылданды. 2016 жылдың 11 айы бойынша облыс тұрғындарының қаржысы есебінен облыс көлемінде жалпы ауданы 353 961 ш.м. болатын 2 754 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданса, мемлекет пен басқа да қаржы көздерінен жалпы ауданы 107 637 ш.м. болатын 37 тұрғын үй пайдалануға қабылданды. Бұл 2015 жылдың 11 айымен  салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 123,3 пайызға өскендігін көрсетті.

 


АНАЛИТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

     Облыс әкімдігінің жанындағы

 сәулет-қала құрылысы Кеңесі бойынша

2015 жылдың 9 айы бойынша облыс әкімінің жанындағы сәулет және қала құрылысы Кеңесінің - 7 мәжілісі өткізіліп, онда облыс көлемінде салынуы жоспарланған объектілер бойынша 30  жоба  қаралып, талқылаудан өткізілді.

Ал, 2016 жылдың 9 айы бойынша облыс әкімінің жанындағы сәулет және қала құрылысы Кеңесінің - 1 мәжілісі өткізіліп, онда облыс көлемінде салынуы жоспарланған объектілер бойынша 2 жоба келісімнен өтті.

Тұрғын үйлерді қабылдау бойынша

2015 жылдың 9 айы бойынша облыс тұрғындарының қаржысы есебінен облыс көлемінде  жалпы ауданы 250 259 ш.м.  болатын 1 807 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданса, мемлекеттің есебінен жалпы ауданы 28 198 ш.м. болатын 6 тұрғын үй пайдалануға қабылданды.

2016 жылдың 9 айы бойынша облыс тұрғындарының қаржысы есебінен облыс көлемінде жалпы ауданы 277 511 ш.м. болатын 2 090 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданса, мемлекет пен басқа да қаржы көздерінен жалпы ауданы 55 378 ш.м. болатын 22 тұрғын үй пайдалануға қабылданды. Бұл 2015 жылдың 9 айымен  салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 119,5 пайызға өскендігін көрсетті.

 


Аналитикалық ақпарат ІІ тоқсан 2016 жыл

Ағымдағы 30 нысанның 7-уі пайдалануға беріліп, 10 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалған 13 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстар жүргізілуде.

2015 жылдан 14 нысан өтпелі, 16 – жаңадан салынатын құрылыс нысандары.

  • Білім беру нысандарын дамыту саласында

2016 жылы 18 нысанның 3-уі пайдалануға беріліп, 1 нысанның құрылысы басталды. Қалған 12 нысан мемлекеттік сатып алу рәсімдерінен өтуде. Оның ішінде:

Ұлттық Қордан:

  1. Қызылорда қалысы Көшербаев көшесі бойындағы 280 орындық балабақша құрылысы.
  2. Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі 300 орындық мектеп құрылысы. Нысан 30.06.2016 ж. пайдалануға берілді.
  3. Шиелі ауданы Тәжібаев ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысы. Нысан 11.05.2016 жылы пайдалануға берілді.

Облыстық бюджеттен:

  1. Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылындағы 90 орындық балабақша құрылысы.
  2. Арал ауданы Жіңішкеқұм ауылындағы 100 №230 орындық мектеп құрылысы.
  3. Жаңақорған ауданы Талап ауылындағы 100 орындық №254 мектеп құрылысы. 2016 жылғы маусым айында пайдалануға берілді.
  4. Сонымен қатар, 12 апатты мектептердің, 20 орындық балабақшаның, 50 орындық мектептің құрылысына Арал ауданы Аққұлақ, Ерімбетжаға, Үкілісай, Көктем, Құланды, Ескіұра елді мекендерінде – 120,0 млн.тенге; Қазалы ауданы Шилі, Шәкен, Майдакөл, Лахалы, Бірлік, Қуандария елді мекендеріндегі мектептердің құрылысына – 100,0 млн.теңге; Қармақшы ауданы Қуандария елді мекеніндегі мектеп құрылысына – 20,0 млн.тенге.
  • Денсаулық сақтау нысандарының құрылысын салу және реконструкциялау саласында

2016 жыл 3 нысанның құрылысы басталды, оның ішінде:

  • Республикалық бюджеттен – 2 нысан:
  1. Қызылорда қаласындағы 200 төсектік облыстық көпсалалы балалар ауруханасы.
  2. Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі аусымына 200 адам қабылдайтын емхана құрылысы.
  • «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша

2016 жылы Жаңақорған ауданы Түгіскен аулындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Ағымдағы жылдың мамыр айында пайдалануға берілді.

  • Мәдениет нысандарын дамыту саласында

Облыстық бюджеттен – 2 нысан:

  1. Шиелі ауданы Ы.Жахаев елді мекеніндегі мұражайдың құрылысы.
  2. Ағымдағы жылдың мамыр айында Жаңақорған ауданы Талап ауылындағы ауылдық клубтың құрылысы аяқталды.
  • Спорт нысандарын дамыту саласында

Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы стадионның қосалқы алаңының қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

  • Мұрағатты дамыту саласында

Қызылорда қаласындағы мұрағаттың құрылысы жүргізілуде.

  • «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша индустриалды инфрақұрылымның дамуы.

2016 жылы 4 нысанның 2-уі пайдалануға берілді, оның ішінде:

  1. Қармақшы ауданы, Жосалы кенті №1 индустриалды аймағына инфрақұрылым жеткізу  нысаны ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға берілді.
  2. Қазалы ауданы сыртқы инженерлік желі мен кіре-беріс жолдар нысаны ағымдағы жылдың мамыр айында пайдалануға берілді.
  3. Арал ауданы Қамыстыбас көлінің жағасындағы демалыс аймағының инженерлік инфрақұрылымы құрылысы.
  4. Қызылорда қаласынан Титов кентіндегі индустриалдық аймаққа дейін темір жол тұйығының құрылысы.
  • Мемлекеттік органдардың нысандарын дамыту

Қызылорда қаласындағы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ғимаратының лифт құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

2016 жылы 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағадарламасы аясында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-инфрақұрылымды дамытуға мемлекеттік қаржы есебінен 9,03 млрд.тенге қаржы бөлінді, оның ішінде:

  1. Республикалық бюджеттен:
  1. Қызылорда қаласындағы инженерлік жеке тұрғын үй құрылысы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және . «Шанхай» ауданындағы шиыршық тас жолдары.
  2. Қызылорда қаласындағы инженерлік жеке тұрғын үй құрылысы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және . «Жаңа ауыл» ауданын сумен қамтамасыз ету.

«Шанхай» ауданындағы 3,7 км шиыршық тас жолы мен «Жаңа ауыл» ауданындағы 3,7 км су құбыры желілері пайдалануға берілді.

  1. Ұлттық қордан 16 жоба.
  2. Облыстық бюджеттен 3 жоба.

Ағымдағы жылдың маусым айында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлу үшін 19 жобаға қосымша бюджеттік өтінім жолданды, оның ішінде15 жоба аудандар бойынша жеке тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға және 4 жоба қала бойынша Қызылорда-Жезқазған трассасы бойына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу үшін.

«Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі бойынша Қызылорда қаласында жалпы ауданы 102 мың ш.м (1520 пәтер) 29 көпқабатты  тұрғын үй құрылысы жүргізілуде (Арай-3 м/а – 12 үй (600 пәтер, 40,3 мың ш.м), Сәулет м/а – 7 үй (350 пәтер, 21,7 мың. .м), СПМК-70 м/а – 5 үй (300 пәтер, 21,6 мың ш.м)).

СПМК-70 м/а 2015 жылдан өтпелі 5 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді (270 пәтер, 18,4 мың ш.м).

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша жалпы ауданы 35 мың ш.м (520 пәтер) 10 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде (Сұлтан Бейбарыс көшесі бойында 2 үй (100 пәтер) және Арай-3 ауданында 8 үй (420 пәтер)).

Сонымен бірге, жалпы ауданы 44,5 мың ш.м 14 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарлануда (Жаппасбай батыр көшесі бойында – 12 үй (580 пәтер, 37,8 мың ш.м), Титов ауданындағы Қашаубаев көшесі бойында – 2 үй (100 пәтер, 6,7 мың ш.м) (ЖАО арқылы несиелік үйлер).

«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік Қоры АҚ желісі бойынша  Шүкіров көшесі бойындағы жалпы ауданы 14,6 мың ш.м (210 пәтер) 6 көпқабатты тұрғын үй құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, жалпы ауданы 8,8 мың ш.м 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарлануда (Желтоқсан көшесі бойында – 1 үй (33 пәтер, 1,9 мыңш.м), Рысқұлов көшесі бойында – 2 үй (80 пәтер, 5,6 мыңш.м)) (коммерциялық үйлер).

 «Асар Холдинг ЛТД» ЖШС жоғарыда аталған жобалар бойынша құжаттары «Самұрық-Қазына» АҚ қарауында.

Ағымдағы жылдың 6 айы қорытындысы бойынша жалпы ауданы 41,8 мың ш.м 9 көпқабатты тұрғын (510 пәтер) пайдалануға берілді. (Титов қыстағындағы жас отбасыларға арналған 3 көпқабатты тұрғын үй (180 пәтер), апатты үйлер тұрғындарына арналған Жаппасбай батыр көшесі бойында 1 үй (60 пәтер) және СПМК-70 ауданындағы 5 көпқабатты тұрғын үй (270 пәтер)).

Сонымен қатр, Арал ауданында «Қазақстан Темір Жолы» АҚ есебінен 10 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жеке тұрғын үй құрылысы есебінен жалпы ауданы 177,3 мың ш.м 1410 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.

2016 жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша жалпы ауданы 221,8 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді. 2015 жылмен салыстырғанда 109,7 пайызға жоғары.


Аналитикалық ақпарат ІV тоқсан 2015 жыл

 

2015 жылғы Басқарма бойынша трансферттермен қоса есептегенде республикалық, облыстық бюджет және Ұлттық Қор есебінен барлығы 19,3 млрд.теңге қаралды.

Ағымдағы жылы 51 нысанның құрылысы жүргізіліп оның 2015 жылдың қорытындысы бойынша 36 нысаны пайдалануға берілді, 15 нысан 2016 жылға өтпелі. Бөлінген 19,3 млрд.теңге қаржының 2015 жылға 19,2 млрд.теңгесі игеріліп, 2015 жылдық жоспары 99,9% орындалды.

 

  • 2015 жылы білім беру саласына барлығы 6 681,5 млн.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 2 315,8 млн.теңге, Ұлттық қор есебінен 950,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен 3 415,7 млн.теңге.

            2015 жылы барлығы 7430  орындық құрайтын 24 білім беру нысандарының (6690 орындық 19 мектеп, 740 орынды құрайтын 4 балабақша және №4 мектеп интернаттың 0,4Вл электр желісі) құрылыстары жүргізілуде. Оның ішінде:

  • Республикалық бюджеттен – 5100 орындық 7 мектеп, 280 орындық 1 балабақша.
  • Ұлттық қор есебінен – 600 орындық 2 мектеп, 280 орындық 1 балабақша.
  • Облыстық бюджеттен – 990 орындық 11 мектеп, 180 орындық 2 балабақша.

 

2015 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 6 681,5 млн.теңге қаржы игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен 2 315,8 млн.теңге, Ұлттық қор есебінен 950,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен 3 415,7 млн.теңге. Білім беру саласы бойынша 2015 жылдық жоспар 100% орындалды.

            2015 жылдың қорытындысы бойынша 6280 орындық құрайтын 18 білім беру нысандарының (5910 орындық 15 мектеп, 370 орынды құрайтын 2 балабақша және №4 мектеп интернаттың 0,4Вл электр желісі) құрылысы толықтай аяқталып пайдалануға берілді. Оның ішінде:

  • Республикалық бюджеттен – 5100 орындық 7 мектеп, 280 орындық 1 балабақша.
  • Облыстық бюджеттен – 790 орындық 8 мектеп, 90 орындық 1 балабақша және №4 мектеп интернаттың 0,4Вл электр желісі.

 

  • 2015 жылы денсаулық сақтау саласына барлығы 2 861,1 млн.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 2 048,8 млн.теңге, облыстық бюджеттен 812,2 млн.теңге.

2015 жылы барлығы 6 денсаулық сақтау нысандарының (3 емхана, 1 аурухана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 қайта жаңғырту) құрылыстары жүргізілуде. Оның ішінде:

  • Республикалық бюджеттен – 200 төсектік көпбейімді 1 облыстық балалар ауруханасы мен бір ауысымда 250 адам қабылдайтын 1 аудандық емхана, 1 дәрігерлік амбулатория.
  • Облыстық бюджеттен – ауысымына 350 адам қабылдайтын 2 емхана, 1 наркологиялық диспанцерді қайта жаңғырту.
  •  

2015 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 2 861,1 млн.теңге қаржы игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен 2 048,8 млн.теңге, облыстық бюджеттен 812,2 млн.теңге. Денсаулық сақтау саласы бойынша 2015 жылдық жоспар 100% орындалды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда қаласындағы Наркологиялық диспанцердің «А» блогын қайта жаңғырту құрылысы және Арал ауданы Сексеуіл бекетіндегі 100 келушіге арналған емхана және Жалағаш кентіндегі 250 келушіге арналған емхана құрылысы жұмыстары толықтай аяқтап пайдалануға табысталды.

 

  • 2015 жылы мәдениет саласын дамыту саласына облыстық бюджеттен барлығы 872,6 млн.теңге қаржы бөлініп, жылдық қорытынды бойынша бөлінген қаржы толығымен игерілді.  Мәдениет нысандарын дамыту бойынша 2015 жылдық жоспар 100% орындалды.

            Барлығы 8 мәдениет нысандарының (7 ауылдық клуб және мұражай кітапханасымен) құрылыстары жүргізілуде. 2015 жылдың қорытындысы бойынша 6 ауылдық клуб және мұражай кітапханасымен құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып пайдалануға табысталды.         Барлық құрылыс нысандары облыстық бюджет қаржысы есебінен жүргізілуде.  

 

  • 2015 жылы спорт нысандарын дамыту саласы бойынша облыстық бюджеттен барлығы 420,0 млн.теңге қаржы бөлінді, жылдық қорытындысы бойынша 407,7 млн.теңге игерілді. Спорт нысандарын дамыту саласы бойынша 2015 жылдық жоспар 97,1% орындалды.

             2015 жылы барлығы 4 спорт нысандарының (2 спорт сауықтыру кешені, 1 стадион, 1 қосалқы стадионды қайта жаңғырту) құрылыстары жүргізілді.

            2015 жылдың қорытындысы бойынша 2 спорт сауықтыру кешені және стадион құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып пайдалануға табысталды.       Қызылорда қаласы Ғ.Мұратбаев стадионының қосалқы алаңын қайта жағырту жұмыстарының электронды сатып алу конкурсы жүргізілуде. Нысан 2016 жылға өтпелі.

 

  • 2015 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына барлығы 277,8 млн.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 42,1 млн.теңге, облыстық бюджеттен 235,7 млн.теңге.  Жылдық қорытынды бойынша бөлінген қаржы толығымен игерілді. 2015 жылы барлығы 5 нысандарының (Қызылорда қаласы Титов қыстағы, Сырдария ауданы Н.Ильясов ауылы, Арал ауданы Қамыстыбас ауылы, Қазалы және Қармақшы аудандары) құрылыстары жүргізілуде.

            2015 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда қаласы Титов қыстағындағы Индустриялық аймаққа инженерлік инфрақұрылым жеткізу және Сырдария ауданы Н.Ильясов ауылындағы астық қоймасының кірме жолын қайта жаңғырту құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып пайдалануға табысталды.

 

  • 2015 жылы коммуналдық шаруашылықты дамыту саласына барлығы 499,2 млн.теңге қаржы бөлініп, жылдық қорытынды бойынша бөлінген қаржы толығымен игерілді. Аталған сала бойынша Қызылорда қаласындағы Ы.Алтынсарин кинотеатрын қайта жаңғыртып «Достық үйі» ғимаратына биімдеп қайта жаңғырту нысаны құрылысы жүргізіліп ү.ж. 10 желтоқсанда пайдалануға берілді.

 

  • 2015 жылы мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту саласына 137,7 млн.теңге қаржы бөлініп,  жылдық қорытынды бойынша бөлінген қаржы толығымен игерілді. Аталған сала бойынша Қызылорда қаласындағы Облыстық мекемелер үйінің аумағындағы 80 көлікке арналған көлік жай  нысаны құрылысы ү.ж. 6 қарашада толықтай аяқталып пайдалануға берілді.

 

  • 2015 жылы Қызылорда қаласындағы «Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы» құрылысына 203,6 млн.теңге қаржы бөлініп, жылдық қорытынды бойынша бөлінген қаржы толығымен игерілді. Нысан ү.ж. 19 наурызда толықтай аяқталып пайдалануға берілді.

 

  • 2015 жылы Қызылорда қаласындағы «Облыстық мұрағат құрылысы» нысанына 112,5 млн.теңге қаржы бөлініп, жылдық қорытынды бойынша бөлінген қаржы толығымен игерілді. Нысан  2016 жылға өтпелі.

 

Қызылорда облысына Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы мен оның инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту  бағыты бойынша 2015 жылға әр түрлі қаржыландыру көздерінен барлығы  6,5 млрд.теңге қаржы  бөлінді, оның ішінде:

I.Республикалық бюджеттен барлығы 2 483,5 млн.теңге, оның ішінде:

Жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысына 1 349,7 млн.теңге (Титов ауданындағы жас отбасларға арналған 60 пәтерлі №1,2,3 және Жаппасбай батыр көшесіндегі кезекте тұрған азаматтарға арналған   60 пәтерлі №6 тұрғын үйлерге).

 Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерін дамытуға 1 133,8 млн.теңге (Қазалы, Жалағаш, Жаңақорған аудандарында 1 жобадан Қызылорда қаласында 6 жоба).

2015 жылдың қорытындысымен 4,0 мың.ш.м құрайтын 60 пәтерлі бір тұрғын үй және 116 шақырым инженерлік инфрақұрылым желілері пайдалануға беріліп,                        2 345,5 млн.теңге игерілді (жоспарға 94%). 

II.  Ұлттық қор есебінен 2086,6 млн.теңге,оның ішінде:

Несиелік 11 тұрғын үй (540 пәтер, 49,5 мың.ш.м.)  құрылысын аяқтауға – 1069,0 млн.теңге,

Несиелік үйлер мен «ҚИК» ИҰ» АҚ желісі бойынша салынатын тұрғын үйлердің инженерлік желілерінің құрылысына – 1017,6 млн.теңге (5 жобаға);

2015 жылдың қорытындысымен бөлінген қаржы толық игеріліп, барлық көрсетілген 11 тұрғын үй (540 пәтер, 49,5 мың.ш.м.) пайдалануға берілді,  оның ішінде: «Ипподром» м/а 28,2 м.ш.м құрайтын 300 пәтері бар  6 тұрғын үй және «Арай» м/а      21,3 мың.ш.м 240 пәтері бар     5 тұрғын.

       III. Облыстық бюджет есебінен 1 970,3 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

  • Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлі  №6 арендалық тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға 37,2 млн.теңге;
  • Титов ауданындағы апаттық 60 пәтерлі №1 үйдің құрылысын аяқтауға және Жаппасбай батыр көшесіндегі  60 пәтерлі №1 үйдің құрылысын жалғастыруға - 338,5 млн.теңге;
  • Жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуге 123,1 млн.теңге;
  •  Қосақаржыландыруға және инженерлік инфрақұрылым желілерінің құрылысына – 1 471,5 млн.теңге.

2015 жылдың қорытындысымен облыстық бюджет есебінен Жаппасбай батыр көшесінің бойындағы кезекте тұрған азаматтарға арналған арендалық 8,1 мың.ш.м құрайтын екі 60 пәтерлі №4,5 тұрғын үйлер және Титов ауданында апаттық тұрғын үйдің тұрғындарына арналған 4,0 мың.ш.м құрайтын 60 пәтерлі бір тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1 962,8 млн.теңге игерілді.

 

IV. Аудандық бюджет есебінен Сырдария ауданында 0,7 мың.ш.м құрайтын бірпәтерлі 10 тұрғын үй пайдалануға берілді.

 

VI. Биылғы жылы Сыр елінде алғаш рет «Қазақстандық Ипотекалық Компания» Ипотекалық Ұйымы» АҚ желісі арқылы Қызылорда қаласында  77,9 мың.ш.м. құрайтын     1220 пәтері бар   22 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, оның  59,6 мың.ш.м құрайтын 950 пәтері бар 17 тұрғын үйін пайдалануға берілді (Арай-2 мөлтек ауданында 17,2 мың.ш.м құрайтын 280 пәтері бар 5 тұрғын үй, СПМК-70 ауданында     24,9 мың.ш.м құрайтын 370 пәтері бар 7 тұрғын үй, Желтоқсан көшесінің бойындағы 4,1 мың.ш.м құрайтын   70 пәтері бар бір тұрғын үй,  З. Шүкіров көшесінің бойында 13,4 мың.ш.м құрайтын 230 пәтері бар 4 тұрғын үй).

Қалған СПМК-70 ауданындағы 18,3 мың.ш.м құрайтын 270 пәтері бар 5 тұрғын үй 2016 жылға өтпелі.

 

VII. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ желісі арқылы Қызылорда қаласы З. Шүкіров көшесінің бойынан 2014 жылы 14,6 мың.ш.м. құрайтын 210 пәтері бар 6 тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын, алайда құрылыс нормаларының сақталмай апаттық жағдай орын алуына байланысты құрылысы тоқтатылды. 2016 жылға өтпелі.

 

2015 жылдың қорытындысымен көрсетілген  қаржыландыру көздерінен барлығы 125,9 мың.ш.м. құрайтын 1740 пәтері бар 42 тұрғын үй және 158,4 шақырым инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым желілері пайдалануға берілді.

Жеке тұрғындар есебінен 323,1 мың.ш.м құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілді.

2015 жылы барлық қаржыландыру көздерінен 448,4 мың.ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді. 2014 жылмен салыстыр ғанда 153 пайызға жоғары.

 


Аналитикалық ақпарат ІІІ тоқсан

2015 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясы арқылы 28 құрылыс нысаны қабылданып, пайдалануға берілді.        

 

- 2015 жылы барлығы 7430  орындық құрайтын 24 білім беру нысандарының (6690 орындық 20 мектеп, 740 орынды құрайтын 4 балабақша) құрылыстары жүргізілуде. Оның ішінде:

  • Республикалық бюджеттен – 5100 орындық 7 мектеп, 280 орындық 1 балабақша.
  • Ұлттық қор есебінен – 600 орындық 2 мектеп, 280 орындық 1 балабақша.
  • Облыстық бюджеттен – 990 орындық 11 мектеп, 180 орындық 2 балабақша.

2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 5260 орындық құрайтын 15 білім беру нысандарының (4890 орындық 12 мектеп, 370 орынды құрайтын 2 балабақша) құрылысы толықтай аяқталып пайдалануға берілді. Оның ішінде:

  • Республикалық бюджеттен – 4200 орындық 5 мектеп, 280 орындық 1 балабақша.
  • Облыстық бюджеттен – 690 орындық 7 мектеп, 90 орындық 1 балабақша.

 

- 2015 жылы барлығы 6 денсаулық сақтау нысандарының (3 емхана, 1 аурухана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 қайта жаңғырту) құрылыстары жүргізілуде. Оның ішінде:

  • Республикалық бюджеттен – 200 төсектік көпбейімді 1 облыстық балалар ауруханасы мен бір ауысымда 250 адам қабылдайтын 1 аудандық емхана, 1 дәрігерлік амбулатория.
  • Облыстық бюджеттен – ауысымына 350 адам қабылдайтын 2 емхана, 1 наркологиялық диспанцерді қайта жаңғырту.

2015 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша Қызылорда қаласындағы Наркологиялық диспанцердің «А» блогын қайта жаңғырту құрылыс жұмыстарын толықтай аяқтап пайдалануға табысталды.

- 2015 жылы барлығы 8 мәдениет нысандарының (7 ауылдық клуб және мұражай кітапханасымен) құрылыстары жүргізілуде.

2015 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша 6 ауылдық клуб және мұражай кітапханасымен құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып пайдалануға табысталды. Барлық құрылыс нысандары облыстық бюджет қаржысы есебінен жүргізілуде.  

 

-2015 жылы барлығы 4 спорт нысандарының (2 спорт сауықтыру кешені, 1 стадион, 1 қосалқы стадионды қайта жаңғырту) құрылыстары жүргізілуде.

2015 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша 2 спорт сауықтыру кешені және стадион құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып пайдалануға табысталды.       Қызылорда қаласы Ғ.Мұратбаев стадионының қосалқы алаңын қайта жағырту жұмыстарының электронды сатып алу конкурсы жүргізілуде. Нысан 2016 жылға өтпелі.

 

- 2015 жылы барлығы 5 Бизнестің жол картасы  - 2020 бағдаламасы аясында нысандарының (Қызылорда қаласы Титов қыстағы, Сырдария ауданы Н.Ильясов ауылы, Арал ауданы Қамыстыбас ауылы, Қазалы және Қармақшы аудандары) құрылыстары жүргізілуде.

2015 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша Қызылорда қаласы Титов қыстағындағы Индустриялық аймаққа инженерлік инфрақұрылым жеткізу және Сырдария ауданы Н.Ильясов ауылындағы астық қоймасының кірме жолын қайта жаңғырту құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып пайдалануға табысталды.

- 2015 жылы Қызылорда қаласындағы Ы.Алтынсарин кинотеатрын қайта Достық үйі ғимаратына биімдеп қайта жаңғырту  нысаны құрылысы жүргізілуде. Нысанды 2015 жылдың 4 тоқсанында аяқтап пайдалануға беру жоспарлануда.

- 2015 жылы Қызылорда қаласындағы Облыстық мекемелер үйінің аумағындағы 80 көлікке арналған көлік жай  нысаны құрылы жүргізілуде. Нысанды 2015 жылдың 4 тоқсанында аяқтап пайдалануға беру жоспарлануда.

- 2015 жылы Қызылорда қаласындағы «Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы» құрылысы ү.ж. 19 наурызда толықтай аяқталып пайдалануға берілді.

- 2015 жылы Қызылорда қаласындағы «Облыстық мұрағат құрылысы» нысаны құрылы жүргізілуде. Нысан  2016 жылға өтпелі.

 

   2015 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша пайдалануға берілген нысандар:

         Наурыз айы бойынша:

  •   Қызылорда қаласы, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы

Мамыр айы бойынша:

  •   Шиелі ауданыТөңкеріс ауылындағы 150 орындық ауылдық клуб құрылысы
  •   Арал ауданы Қамыстыбас елді мекеніндегі  150 орындық ауылдық клуб құрылысы

          Маусым айы бойынша:

  •   Қазалы ауданы Жанқожа батыр елді мекеніндегі 90 орындық балабақша құрылысы
  •   Сырдария ауданы Н.Ильясов ауылындағы стадион құрылысы
  •   Сырдария ауданы Сейфуллин ауылындағы 150 орындық ауылдық клуб құрылысы
  •   Жаңақорған кентіндегі спорттық сауықтыру  кешені құрылысы

          Шілде айы бойынша:

  • Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі спорттық сауықтыру кешені,
  • Қызылорда қаласы Қорқыт ата м/а 900 орындық мектеп,
  • Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылындағы 150 орындық ауылдық клуб,
  • Қызылорда қаласы Титов м/а Инфрақұрылымды индустриялдық аймаққа жеткізу,

Тамыз айы бойынша:

  • Шиелі ауданы Бала би ауылнындағы 900 орындық мектеп,
  • Арал ауданы Жаңақұрылыс ауылындағы 200 орындық №74 мектеп,
  • Сырдария ауданы Н.Ильясов ауылындағы астық қоймасына кірме жолды қайта жаңғырту,
  • Қармақшы ауданы Ақай ауылындағы 280 орындық балабақша,
  • Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі мұражай мен кітапхана,
  • Қазалы ауданы Абай ауылындағы 150 орындық ауылдық клуб,
  • Қызылорда қаласы,Ипподром ауданында 900 орындық мектеп,
  • Қазалы ауданы Аранды  елді мекеніндегі 100 орындық №97 мектеп,
  • Арал ауданы Тоқабай ауылындағы 140 орындық №248 мектеп,
  • Арал ауданы Қосаман ауылындағы 100 орындық №68 мектеп,
  • Сырдария ауданы Шіркейлі ауылындағы 600 орындық мектеп,
  • Арал ауданы, Акеспе елді мекеніндегі 20 орындық балабақшасымен қоса 50 орындық №237 мектеп,
  • Қазалы ауданы Сарыбұлақ елді мекеніндегі 100 орындық №78 мектеп,
  • Сырдария ауданы Шаған ауылындағы 900 орындық мектеп

Қыркүйек айы бойынша:

  • Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі №246 мектепті қайта жаңғырту,
  • Қызылорда қаласы,Наркологиялық диспансердің «А» блогын қайта жаңғырту.

           

Қызылорда облысына Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы мен оның инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту  бағыты бойынша 2015 жылға әр түрлі қаржыландыру көздерінен барлығы 4 902,8 млн.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде:

I.Республикалық бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерін дамытуға 1146,1 млн.теңге  9 жобаның құрылысын аяқтауға бөлінді, оның ішінде: Қазалы, Жалағаш, Жаңақорған аудандарында 1 жобадан Қызылорда қаласында 6 жоба. 1 қазанға – 1 113,8 млн.теңге игеріліп, жоспар 100% орындалды.

II.  Ұлттық қор есебінен 2086,6 млн.теңге,оның ішінде:

Несиелік 11 тұрғын үй (540 пәтер, 36 378 ш.м.)  құрылысын аяқтауға – 1069,0 млн.теңге,

Несиелік үйлер мен «ҚИК» ИҰ» АҚ желісі бойынша салынатын тұрғын үйлердің инженерлік желілерінің құрылысына – 1017,6 млн.теңге (5 жобаға);

1 қазанға – 1 710,0 млн.теңге (100%) игеріліп, «Ипподром» м/а 28,2 м.ш.м құрайтын 300 пәтері бар 6 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін «Арай» м/а 240 пәтері бар 5 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.

III. Облыстық бюджет есебінен 1 670,1 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

  • Арендалық тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға 37,2 млн.теңге;
  • Апаттық тұрғын үйлердің құрылысына 338,5 млн.теңге;
  • Жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуге 123,1 млн.теңге;
  •  Қосақаржыландыруға және инженерлік желілердің құрылысына 1 171,3 млн.теңге;

1 қазанға -912,1 млн.теңге игерілді, жоспарға 100%. 

Бөлінген  4 902,8 млн.теңге қаржы жыл соңына дейін толық игерілетін болады.

 

Сонымен қатар «Қазақстандық Ипотекалық Компания» Ипотекалық Ұйымы» АҚ желісі арқылы салынатын тұрғын үйлерге Қызылорда қаласынан 3 жер телімі бөлінген. 2015 жылы осы жер телімдерінде  73,9 мың.ш.м. құрайтын 1150 пәтері бар 21 тұрғын үйдің құрылысын салып, пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде:

  •  Арай-2 мөлтек ауданында 17,2 мың.ш.м құрайтын 280 пәтері бар 5 тұрғын үй.
  • З. Шүкіров көшесінің бойында 13,4 мың.ш.м құрайтын 230 пәтері бар 4 тұрғын үй.
  • СПМК-70 ауданында 43,3 мың.ш.м құрайтын 640 пәтері бар 12 тұрғын үй.

Сонымен қатар Қызылорда қаласы Желтоқсан көшесі бойындағы ЖК «Сқақова» салып жатқан 100 пәтердің 4,1 мың.ш.м құрайтын 70 пәтерін АҚ «ҚИК» желісі арқылы сатып алу жоспарлануда.

 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ желісі арқылы салынатын тұрғын үйлерге Қызылорда қаласынан 2 жер телімі бөлінген. Бөлінген жер телімдерінде 36,5 мың.ш.м. құрайтын 560 пәтері бар 13 тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарлануда, оның ішінде:

  • З. Шүкіров көшесінің бойында 14,8 мың.ш.м құрайтын  210 пәтері бар 6 тұрғын үйлер 2016 жылы өтпелі.
  • Сәулет мөлтек ауданында 21,7 мың.ш.м құрайтын 350 пәтері бар 7 тұрғын үй. 2016 жылы пайдалануға беріледі.

 

2015 жылдың қорытындысымен көрсетілген  қаржыландыру көздерінен 123,9 мың ш.м. құрайтын 2910 пәтері бар 35 тұрғынүй және 158,4 шақырым инженерлік –коммуникациялық инфрақұрылым желілері пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Үстіміздегі жылдың 1 қазанға барлық қаржыландыру көздерінен 278,585 м.ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді (жеке тұрғындар есебінен 250,385 м.ш.м. және мемлекет қаражаты есебінен 28,2 м.ш.м.).

2014 жылдың 9 айымен салыстырғанда 142% артық.


Аналитикалық ақпарат ІІ тоқсан

2015 жылға облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына трансферттермен қоса есептегенде республикалық, облыстық бюджеттерден және Ұлттық Қор есебінен барлығы – 16,8 млрд.теңге қаралып отыр. Ағымдағы жылы 50 нысанның құрылысы жүргізіледі, оның 41-і 2014 жылдан өтпелі, ал 9 жаңа құрылыс объектісі болып табылады.

Бөлінген 16,8 млрд.теңге қаржының 1 шілдесінде 7,9 млрд.теңгесі игеріліп, есепті кезең жоспары 100 пайызға орындалды.

  • 2015 жылы білім беру саласына барлығы 6,5 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 2,3 млрд.теңге, Ұлттық қор есебінен 950,0 млн.теңге, облыстық бюджет есебінен 3,2 млрд.теңге. 2015 жылы барлығы 7200 орынды құрайтын 22 білім беру нысанының құрылыстары жүргізілуде. (6550 орындық 19 мектеп, 650 орындық 3  балабақша). Оның ішінде:Республикалық бюджеттен – 5100 орынды құрайтын 7 мектеп, 280 орындық 1 балабақша; Ұлттық қор есебінен – 600 орынды құрайтын 2 мектеп, 280 орындық 1 балабақша (нысандар 2016 жылға өтпелі); Облыстық бюджеттен – 850 орынды құрайтын 10 мектеп, 90 орындық 1 балабақша.                      
  • 2015 жылы денсаулық сақтау саласына барлығы 2,8 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 2,09 млрд.теңге, облыстық бюджет есебінен 750,0 млн.теңге.2015 жылы барлығы денсаулық сақтау саласы бойынша – 6 (3 емхана, 1 аурухана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 қайта жаңғырту) нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде:Республикалық бюджеттен – 200 төсектік көпбейінді 1 облыстық балалар ауруханасы мен бір маусымда 250 адам қабылдайтын 1 аудандық емхана, 1 дәрігерлік амбулатория;Облыстық бюджеттен – маусымына 350 адам қабылдайтын 2 емхана, 1 наркологиялық диспансерді қайта жаңғырту.                      
  • Мәдениет саласына 2015 жылы облыстық бюджеттен 1,0 млрд.теңге қаржы бөлініп, оның 1 шілдеде 667,1 млн.теңгесі игерілді. Осы қаржыға 8 объектінің құрылысын жүргізіп, барлығын пайдалануға беру жоспарланып отыр, оның ішінде 7 ауылдық клуб және 1 мұражай мен кітапхана құрылысы.
  • Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту саласына 2015 жылы облыстық бюджеттен 134,9 млн.теңге қаржы бөлініп, осы қаржыға облыстық мекемелер үйінің аумағында көлік жуу және көлік шеберханасымен 80 көлікке арналған көлікжайдың құрылысы жүргізілуде.
  • «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына 2015 жылы барлығы 246,2 млн.теңге қаржы бөлініп, 1 шілдеде оның 179,8 млн.теңгесі игерілді.
  • Спорт объектілерін дамыту саласына 2015 жылы 418,5 млн.теңге бөлініп, 1 шілдеде оның 362,1 млн.теңгесі игерілді.Осы қаржыға 3 нысанның, оның ішінде 2 спорттық-сауықтыру кешені құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы барлығы пайдалануға берілетін болады.
  •  Мамандандырылған халыққа қызмет көрсетін орталық бойынша 2015 жылға 152,7 млн.теңге бөлініп, толығымен игеріліп, ү.ж. 19 наурызында пайдалануға берілді.
  • Мұрағат объектілерін дамыту саласына 2015 жылы 112,5 млн.теңге бөлінді. Осы қаржыға Қызылорда қаласындағы  облыстық мұрағаттың құрылысы жалғасатын болады. Есептегі мерзімде 28,6 млн.теңгесі игерілді. Нысан 2016 жылға өтпелі.

2014 жылы жеке салушылардың есебінен облыс көлемінде  жалпы ауданы 254 401 шаршы метр болатын 1957 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданса, мемлекет қаржысы есебінен жалпы ауданы 39 317  шаршы метр болатын 89 тұрғын үй пайдалануға қабылданды. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 105,7 пайызды құрды.

2015 жылдың 6 айы бойынша жеке салушылардың есебінен облыс көлемінде  жалпы ауданы 173 406 шаршы метр болатын 1336 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданса, мемлекет қаржысы есебінен жалпы ауданы  28 200  шаршы метр болатын 6 тұрғын үй пайдалануға қабылданды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 165,6 пайызды құрап отыр.

Жыл аяғына дейін облыстық басқарма жеке салушылар мен мемлекет қаржылары есебінен облыс бойынша салынуы жоспарланған тұрғын үйлердің жалпы ауданын 285 500 шаршы метрге жеткізіп, орталық атқарушы органмен бекітілген жоспардың орындалуын 100 пайыз көлемінде атқаруды жоспарлап отыр (Бекітілген жоспар 285 500 шаршы метр).

2014 жылы облыс әкімінің жанындағы сәулет және қала құрылысы Кеңесінің - 10 мәжілісі өткізіліп, онда облыс көлемінде салынуы жоспарланған объектілер бойынша 42 жоба  қаралып, мақұлданды.

Ал, 2015 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша облыс әкімінің жанындағы сәулет және қала құрылысы Кеңесінің - 6 мәжілісі өткізіліп, онда облыс көлемінде салынуы жоспарланған объектілер бойынша 19 жоба келісімнен өтті.

 


Аналитикалық ақпарат І тоқсан

Ағымдағы жылы 47 нысанның құрылысы жүргізіледі, оның 41 өтпелі, ал 6 жаңа құрылыс объектісі болып табылады.

2015 жылы білім беру саласына барлығы 6,5 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 2,3 млрд.теңге, Ұлттық қор есебінен 950,0 млн.теңге, облыстық бюджет есебінен 3,2 млрд.теңге.

2015 жылы барлығы 7200 орынды құрайтын 22 білім беру нысанының құрылыстары жүргізілуде. (6550 орындық 19 мектеп, 650 орындық 3  балабақша)

2015 жылы денсаулық сақтау саласына барлығы 2,7 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджет есебінен  2,04 млрд.теңге, облыстық бюджет есебінен 740,0 млн.теңге.

2015 жылы барлығы денсаулық сақтау саласы бойынша – 6 (3 емхана, 1 аурухана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 қайта жаңғырту) нысанның құрылысы жүргізілуде

Мәдениет саласына 2015 жылы облыстық бюджеттен 1,0 млрд.теңге қаржы бөлініп

Осы қаржыға 8 объектінің құрылысын жүргізіп, барлығын пайдалануға беру жоспарланып отыр, оның ішінде 7 ауылдық клуб және 1 мұражай мен кітапхана құрылысы

Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту саласына 2015 жылы облыстық бюджеттен 134,9 млн.теңге қаржы бөлініп, осы қаржыға облыстық мекемелер үйінің аумағында көлік жуу және көлік шеберханасымен 80 көлікке арналған көлікжайдың құрылысы жүргізілуде.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына 2015 жылы барлығы 246,2 млн.теңге қаржы бөлінді

Спорт және туризм объектілерін дамыту саласына 2015 жылы 418,5 млн.теңге бөлінді

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсетін орталық бойынша 2015 жылға 152,7 млн.теңге бөлінді

Мұрағат объектілерін дамыту саласына 2015 жылы 112,5 млн.теңге бөлінді.

Қызылорда қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы кинотеатрды Қазақстан халықтар ассемблеясының Достық үйіне бейімдеп қайта жаңғырты жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 499,0 млн.теңге қаржы бөлінді.

Қызылорда облысына Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі  бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы мен оның инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту  бағыты бойынша  2015 жылға әр түрлі қаржыландыру көздерінен барлығы 4 381,8 млн.теңге қаржы бөлінді.

2015 жылдың қорытындысымен көрсетілген қаржыландыру көздерінен 134,25 мың ш.м. құрайтын 2080 пәтері бар 41 тұрғынүй және 158,4 шақырым инженерлік –коммуникациялық инфрақұрылым желілері пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

 

 

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 09-04-2018 16:05

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика