Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы бойынша 2018 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар туралы

 

        

          2018 жылы әлеуметтік нысандар құрылысына барлық қаржыландыру көздері есебінен (РБ, ОБ)  13,9 млрд.теңге қаржы бөлінді, 2018 жылдың қорытындысымен жоспарланған 13,9 млрд.теңге қаржы толықтай игеріліп 100%-ға орындалды.

         Жалпы басқарма арқылы 42 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді (оның ішінде 2017 жылдан өтпелі нысан – 33, құрылысы жаңадан басталғаны - 9). барлығы 30 әлеуметтік нысан (білім саласы: 8 мектеп, 7 балабақша; денсаулық сақтау саласы – 2 нысан, мәдениет саласы 2 клуб, 1 музей, 7 спорт нысаны, ішкі істер бөлімі 1 нысан, 1 әкімшілік ғимарат, 1 ғарыш айлағы) пайдалануға берілді, қалған 12 нысан 2019 жылға өтпелі болып отыр.

         «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерін дамытуға мемлекеттік бюджет есебінен барлығы 14,3 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 10,6  млрд.теңге, облыстық бюджеттен – 3,7 млрд.теңге. Барлық бөлінген қаржылар толық 100 пайызға игерілді.

2018 жылы облыс бойынша барлық қаржыландыру көздерінен 1790 пәтерлі 70 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 1222 пәтерлі 56 тұрғын үй пайдалануға берілді.

       2018 жылы облыста сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысын жүргізуге бөлінген 4,3 млрд.теңге бөлінді. Бұл қаржыға 620 пәтерлі 17 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, оның 292 пәтерді құрайтын 7 тұрғын үйі пайдалануға берілді. Жоспар 100 пайызға орындалды.

Анықтама ретінде:

  • Байқоңыр қаласында – 5 үй, 250 пәтер;
  • Сырдария ауданында – 2 үй, 42 пәтер.

 

Несиелік тұрғын үйлер бойынша Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 240 пәтерді құрайтын 4 тұрғын үйдің құрылысына 2,1 млрд.теңге қаржы бөлінді. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 2019 жоспарланып отыр.

Жыл қорытыныдысымен облыс бойынша 699,6 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда (612,3 мың ш.м.) 114,3 % құрап отыр.  Оның ішінде, 85,6 мың ш.м. көппәтерлі тұрғын үй және 614,0 мың.ш.м. жеке тұғын үй құрылысы.

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа тұрғын аумақтарға жеткізілетін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (ИКИ) құрылысы бойынша  50 жобаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 7,9 млрд.теңге (РБ-6,4 млрд.тенге, ОБ-1,5 млрд.тенге) бөлінді.

Жыл қорытындысымен облыс бойынша 473,2 шақырым инженерлік инфрақұрылым желілері пайдалануға берілді.

 

СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ САЛАСЫ БОЙЫНША

 

2018 жылы облыстық бюджеттен «Қызылорда қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізу», «Арал ауданының Арал қаласындағы 5  мөлтек ауданның (440 га) егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын», сондай-ақ «Қызылорда қаласындағы «Арай» шағын ауданы мен оған жанасып жатқан саяжайлар массивтерінің (550 га) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу үшін 108,7 млн. теңге бөлінді.

Есепті кезеңге «Арал ауданының Арал қаласындағы 5 мөлтек ауданның (440 га) егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын» әзірлеу жұмыстары толықтай аяқталды.

«Қызылорда қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізу» жобасы да толықтай аяқталып, жобаға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес кешенді қала құрылысы сараптамасы жасалынды. Қазіргі уақытта жоба орталық атқарушы органдардан келісімнен өткізілуде.  

Бұған қоса, 2018 жылы 20-дан астам нысанның эскиздік жобасы әзірленді.

Құрылған күні: 20-11-2019 15:45
Жаңартылған күні: 27-11-2019 16:46

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика