Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысы әкімдігінің

2016 жылғы « 9 » тамыздағы № 550

қаулысымен бекітілген

«Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

1.  Жалпы ережелер

         1. «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қызылорда облысы аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

         2. Басқарманың құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. Басқармаға қатысты коммуналдық меншік құқығының субъектісі болып «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі табылады.

         3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес  жүзеге асырады.

         4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

         5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

         6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

         7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

         8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

         9. Заңды тұлғаның тұрған жері: индексі 120003, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, құрылыс 1.

         10. Мемлекеттік  органның  толық  атауы – «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.  

11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

         12. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

         13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

         Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

         14. Басқарманың миссиясы: облыс аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

         15. Негізгі міндеттері: облыс аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саясатын жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді атқарады.

         16. Функциялары:

1) құрылыстарды,  үйлерді,  ғимараттарды   инженерлік  және көлік коммуникацияларды салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау,  қайта қалпына келтіру  және  күрделі  жөндеу туралы,   сондай-ақ, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді   кейіннен  кәдеге  жарату  жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдерді қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

         2) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;

         3) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;

         4) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бір бөлігін  аудандық  жоспарлау  жобасының)  кешенді  схемасын, облыс аумағындағы  елді  мекендердің  белгіленген  тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

         5) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;  

         6) облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан  асатын  облыстық  маңызы  бар  қалалардың  бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;

7) ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірлік аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

         8) облыстық маңызы бар  қалалар  бас жоспарының жобаларына келісім беру;

         9) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;

         10) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін  қала  құрылысы  жоспарларын  (егжей-тегжейлі  жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) облыс әкімдігіне бекітуге ұсыну және оларды іске асыру;

         11) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

         12) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;

         13) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

         14) уәкілетті органмен келiсе отырып, ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу туралы, олардың орналасатын жерін анықтау, сондай-ақ, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдер қабылдайды;

         15) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолданады;

         16) азаматтық құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

         17) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз етеді;

         18) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы шараларды іске асырады;

19) жергілікті  мемлекеттік  басқару  мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен  міндеттері:

         1) Басқарма өзіне жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекітілген тәртіппен:

         мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

         өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

         қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

         2) Басқарма:

         заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

         қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

      жеке  және  заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

         жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

       18. Басқармаға  басшылықты  Басқармаға жүктелген міндеттердің  орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

         19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке  тағайындайды    және қызметтен босатады. 

         20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

         21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

         1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен  жетекшілік  ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;      

         2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдарда  және өзге де ұйымдарда Басқарманы бiлдiредi;

         3) Қызылорда облысының бас сәулетшісі болып табылады;

4) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

         5) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін  қамтамасыз етеді;

       6) еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;      

         7) бұйрықтарға қол қояды;      

         8) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;     

9) шарттар жасасады;      

         10) сенімхаттар береді;      

         11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;      

         12) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

         13) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;

         14) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

         15) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;

         16) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

         17) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;

         18) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

         19) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

         Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

         22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

         23. Басқарманың жұмыс режимі:

         1) Басқарма дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;

         2) Басқарманың жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден сағат 19.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;

         3) Басқарма сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

         24. Басқарма мен облыс әкімдігі арасындағы, Басқарманың әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

4. Басқарманың мүлкі

         25. Басқарманың  заңнамада көзделген жағдайларда  жедел  басқару   құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

         Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

         26. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.

         27. Егер  заңнамада  өзгеше  көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

         28. Басқарманы қайта  ұйымдастыру  және  тарату  Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

         Басқарма таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 14-08-2017 17:35

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика