Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қызылорда облысының  құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының  kurylys.e-kyzylorda.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған «Мемлекеттік қызметтер» бөлігіндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің паспорттарында   көрсетілгенге сәйкес жүзеге асырылады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» бірыңғай ақпарат орталығының 1414, 8-800-080-7777 (қонырау шалу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

Құрылған күні: 23-12-2015 17:37
Жаңартылған күні: 04-10-2016 07:26

Сұрақ қою

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика