Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан профилактикалық шаралар туралы мәлімет

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру және алдын алу, болдырмау,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын орнату мақсатында құқықтық оқытулар, семинарлар өткізіліп тұрады.

         2017 жылғы 26 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің  қызметкерлерінің қатысуымен Б.Нұралы және С.Жумаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында мемлекеттік қызметтегі өзгерістер туралы, оның ішінде бос лауазымдарға конкурстар өткізу тәртібі мен ережелері, ішкі конкурстар мен жалпы конкурстар туралы, сыбайлас жемқорлық туралы жалпы мәлімет, сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында алдыңғы қатарлы өзге елдер тәжірибесі туралы, заңнамадағы өзгерістер мен ерекшеліктер туралы, жаңа заңнама бойынша қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы және ішкі талдау туралы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алуы мүмкін жерлері, сыбайлас жемқорлықпен жазаға тарту, оның салдары туралы айтылды.

         Басқарманың әкімшілік және құқықтық жұмыстар бөлімінің ұйымдастыруымен жыл басынан бері бірнеше рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы, мемлекеттік қызметке кір келтіретін іс-әрекеттер бойынша құқықтық оқулар өткізілді. 

Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шара ретінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің негізінде әзірленген алдын ала ескертулермен Басқарманың қызметкерлерін жыл сайын және жаңадан келген қызметкерлерді дербес қол қою арқылы таныстыру бойынша жұмыстар жүргізіліп тұрады.

Мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол бермеу мақсатында Басқарманың мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметкерлері облыстағы құзіретті органдардың ұйымдастыруымен өткізілетін мемлекеттік сатып алу заңдылықтары, оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, оларды жұмыс барысында қолдану туралы семинарлар мен құқықтық оқытуларға үнемі қатысып тұрады. Оның ішінде, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен ұйымдастырылған 2017 жылғы 15 тамыздағы «Сатып алу бағасының негізсіз өсіруі бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекетік сатып алуларын мониторингілеу нәтижелері туралы» семинар-кеңес, 18 тамыздағы «Мемлекеттік сатып алулардағы жемқорлық: кең таралған схемалар» тақырыбындағы дискуссиялық алаң, «Атамекен» Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған 2017 жылғы 29 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптары, оны тәжірибеде қолдану негіздері, проблемалық мәселелер» тақырыбындағы семинар.

 2017 жылдың 12-16 маусым күндері Басқарманың әкімшілік және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы Г.Жидебай, 9-13 қазан күндері мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Б.Шаханов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы мемлекет саясаты» тақырыбындағы біліктілікті арттыру семинарларына жолданып, Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында оқудан өтті.

         Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен  2017 жылғы 6-20 қаңтар аралығында Басқарманың 2015-2016 жылдардағы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.

         Сыртқы талдау ұсынысымен 2017 жылдың І жартыжылдығы ішінде 2016 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, Басқарманың ресми сайтында кері байланыс орнату туралы ұсыныстар болды. Басқарма бойынша 2017 жылдың 19-25 сәуірі аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Мүдделі тұлғалар тарапынан мемлекеттік сатып алу процестерінің ағымына қатысты конкурстық комиссия мүшелеріне ықпал жасау және қызметкерлерді өзге де  құқық бұзушылықтарға арандатушылық әрекеттердің алдын алу мақсатында басқармаға кездейсоқ адамдардың ретсіз кіруіне тосқауыл қою арқылы ішкі қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою және алдын алу мақсатында басқарма басшысының құрылыс жөніндегі орынбасарының, қаржы жөніндегі орынбасары мен бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысының жауапкершіліктері күшейтілді.

         Бұған қоса, азаматтар мен заңды тұлға өкілдерінің өтініштеріне арналған «Арыз-шағым» жәшігі жасалып, ол басқарманың кіре берісіне, жұртшылыққа қол жетімді жерге орнатылды.

         Басқарма басшылығының азаматтарды жеке қабылдау кестесі мен Басқарманың «сенім телефоны» жергілікті «Сыр бойы» және «Кызылоринские вести» газеттерінде жарияланып тұрады. Соңғы хабарландыру «Сыр бойы» газетінің 2017 жылғы 18 қарашадағы №175-176 нөмірлерінде және «Кызылординские вести» газетінің 2017 жылғы  25 қарашадағы №179-180 нөмірлерінде жарияланды.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралар туралы ақпаратты Қызылорда облысы әкімдігінің ресми веб-порталында орналастыру белгіленген. Осыған орай басқарманың веб-сайтында 2015 жылғы 30 наурызда «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» арнайы тарауы ашылған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұсынысымен басқарманың көпшілікке көрінетін жерлерге, барлық кабинеттерінде «Пара алу – бұл қылмыс. Пара беру – бұл қылмыс» тақырыбында үнпарақтар ілінді.

2017 жылғы 24 ақпанда "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңестің кеңейтілген отырысында Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы М.А.Алсериков "2015-2016 жылдар аралығында құрылыс саласындағы нормалар мен ережелердің орындалуы барысындағы сыбайлас жемқорлық сипатында жауапкершілік" тақырыбы бойынша хабарлама жасады.

      2017 жылдың І тоқсанында мемлекеттік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер бастапқы декларациясын тапсырды және барлық қызметкерлер жыл сайынғы табысы мен мүлігі жөнінде декларацияларын тапсырды.

Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі

2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарының

2016 жылы орындалуы есебі.

         Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдары талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында Қызылорда облысы аумағында таралатын «Сыр бойы» (21.01.2016ж.№-(19094), 21.04.2016ж. №58 (19143)), және «Кызылординские вести» (21.01.2016ж.№9-(18.096), 23.04.2016ж. №59-60 (18.146-18.147)) облыстық баспаларында басқарма басшылығының тұлғаларды қабылдау кестесі және 8/7242/60-54-89 «сенім телефоны», usag@korda.gov.kz. басқарманың электронды мекен-жайы жарияланған.

          Бұған қоса, азаматтар мен заңды тұлға өкілдерінің өтініштеріне арналған «Арыз-шағым» жәшігі жасалып, ол басқарманың кіре берісіне, жұртшылыққа қолжетімді жерге орнатылды.

2016 жылдың құқықтық оқу жоспарына сәйкес жаңадан қолданысқа енгізілген заңдар бойынша құқықтық оқытулар жүргізілді, оның ішінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» №152 Жарлығы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V  Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» №13 бұйрығы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бойынша.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралар туралы ақпаратты Қызылорда облысы әкімдігінің ресми веб-порталында орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында мақала жариялау белгіленген. Осыған орай басқарманың веб-сайтында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» арнайы тарауы ашылған.

       Барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңдарынан үзінділермен және Әдеп кодексінің мәтінімен жазбаша түрде таныстырылды.

        «Облыстық мекемелер үйі» ғимаратының басқармаға тиісті бөлігінде барлық қызметкерлерге көрінетін жерде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің Әдеп кодексінің» мәтіні, әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер орналастырылды.

        2015 жылдың қорытындысы бойынша барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мүліктері мен табыстары туралы декларацияларын толығымен облыстық кірістер департаментіне 2016 жылдың 31 наурызына дейін тапсырды. Сонымен бірге конкурс негізінде жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметшілер де бастапқы декларацияларын тапсырды.

     Мүдделі тұлғалар тарапынан мемлекеттік сатып алу процестерінің ағымына қатысты конкурстық комиссия мүшелеріне ықпал жасау және қызметкерлерді өзге де  құқық бұзушылықтарға арандатушылық әрекеттердің алдын алу мақсатында басқармаға кездейсоқ адамдардың ретсіз кіруіне тосқауыл қою мақсатында  басқармаға келушілердің басқармаға кіріп-шығу тәртібінің сақталу жағдайы бақылауға алынып, қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

       Мәтініде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар орын алу мүмкіндігі туралы мәліметтер баяндалған өтініш иелерінің басқарма басшысымен жеке қабылдауын ұйымдастырып, мұндай келеңсіз оқиғаларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға, алдын алуға бағытталған шаралар қабылдау әкімшілік және құқықтық жұмыстар бөліміне тапсырылған.

        Алайда, 2016 жылдың  9 айында басқарма қызметкерлеріне қатысты мұндай сипаттағы өтініштер тіркелмегендіктен, өтініш иелерімен басқарма басшылығының жеке қабылдауын ұйымдастыру қажеттігі туындаған жоқ.

         Мемлекеттік сатып алу конкурстарына жауапты мамандар арнайы ұйымдастырылатын семинарларға, оқуларға қатысып, өз біліктіліктерін арттыруда. Мысалы, 2016 жылдың 12-13 мамыры аралығында «2016 жылы ҚР мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және бақылау», «2016 жылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелері», «Электронды мемлекеттік сатып алулар – бағалық ұсыныс», «Электронды мемлекеттік сатып алулар – электрондық конкурс. Аукцион» тақырыптарында ««Эрудит Астана» оқу орталығы» ЖШС ұйымдастырған семинарға әкімшілік және құқықтық жұмыстар бөлімінің қызметкерлері Ғ.Маханбетова, И.Ишанбекова қатысып, 2016 жылы қолданысқа енгізілген мемлекеттік сатып алу заңнамаларын қолдану ерекшеліктерімен танысты.

         Әкімшілік және құқытық жұмыстар бөлімінің кадр қызметіне жауапты мамандар ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері ұйымдастыратын семинарларға қатысып тұрады.

           Сонымен бірге, кадр қызметімен 2016 жылдың басынан бері басқарманың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына бес рет конкурс өткізіліп (2 ішкі конкурс және 3 жалпы конкурс), «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу жөніндегі комиссиясының жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында комиссия отырысына конкурстың әңгімелесу сатысына басқа мемлекеттік органдардан, Қызылорда облысының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері байқаушы ретінде шақырылды.

           2016 жылдың 21 шілде күні басқарма қызметкерлері мен «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры ақпараттық жүйесінің облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңы. Мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуы. Мемлекеттік сатып алу кезінде жіберілетін заң бұзушылықтар», «Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Ү Заңы. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтардың алдын алу»,

         «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденіп алу немесе талан-таражға салудың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыптарында түсініктеме жұмыстарын жүргізу үшін семинар өткізілді. Семинарға «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Махшатов И.Б., Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің  Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас мамандары Аханов А.О., Жұмаев С.Б. шақырылды.

            Семинар барысында мемлекеттік сатып алулар бойынша заңнамадағы ерекшеліктер туралы, мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібі және мемлекеттік сатып алу кезіндегі құқық бұзушылықтар туралы,  әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік туралы,  сыбайлас жемқорлық туралы жалпы мәлімет, сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында алдыңғы қатарлы өзге елдер тәжірибесі туралы, заңнамадағы өзгерістер мен ерекшеліктер туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы және ішкі талдау туралы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алуы мүмкін жерлері, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалаудың ерекшеліктері, бағалау жүйесі және шетелдерде бағалау қалай жүргізілетіндігі, бағалау нәтижелері туралы ашық әрі ауқымды мәлімет берді.

            Семинар соңында семинарға қатысушылар тарапынан көптеген көкейкесті сұрақтар қойылып, қажетті жауаптар алынды.

         Облыс әкімі аппараты басшысы М.Делмұхановтың 28.10.2016 ж. №07-09/7321 хатымен берілген тарсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шара ретінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің негізінде әзірленген алдын ала ескертулермен Басқарманың қызметкерлерін 2016 жылғы 1 қарашада дербес қол қою арқылы таныстыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

            Жалпы, 2016 жыл ішінде басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар мен мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттер орын алған.

Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі

2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарының

2016 жылғы 9 айында орындалуы есебі.

          Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдары талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында Қызылорда облысы аумағында таралатын «Сыр бойы» (21.01.2016ж.№-(19094), 21.04.2016ж. №58 (19143)), және «Кызылординские вести» (21.01.2016ж.№9-(18.096), 23.04.2016ж. №59-60 (18.146-18.147)) облыстық баспаларында басқарма басшылығының тұлғаларды қабылдау кестесі және 8/7242/60-54-89 «сенім телефоны», usag@korda.gov.kz. басқарманың электронды мекен-жайы жарияланған.

          Бұған қоса, азаматтар мен заңды тұлға өкілдерінің өтініштеріне арналған «Арыз-шағым» жәшігі жасалып, ол басқарманың кіре берісіне, жұртшылыққа қол жетімді жерге орнатылды.

           2016 жылдың құқықтық оқу жоспарына сәйкес жаңадан қолданысқа енгізілген заңдар бойынша құқықтық оқытулар жүргізілді, оның ішінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» №152 Жарлығы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V  Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» №13 бұйрығы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралар туралы ақпаратты Қызылорда облысы әкімдігінің ресми веб-порталында орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында мақала жариялау белгіленген. Осыған орай басқарманың веб-сайтында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» арнайы тарауы ашылған.Барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңдарынан үзінділермен және Әдеп кодексінің мәтінімен жазбаша түрде таныстырылды. «Облыстық мекемелер үйі» ғимаратының басқармаға тиісті бөлігінде барлық қызметкерлерге көрінетін жерде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің Әдеп кодексінің» мәтіні, әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер орналастырылды.

        2015 жылдың қорытындысы бойынша барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мүліктері мен табыстары туралы декларацияларын толығымен облыстық кірістер департаментіне 2016 жылдың 31 наурызына дейін тапсырды. Сонымен бірге конкурс негізінде жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметшілер де бастапқы декларацияларын тапсырды.

          Мүдделі тұлғалар тарапынан мемлекеттік сатып алу процестерінің ағымына қатысты конкурстық комиссия мүшелеріне ықпал жасау және қызметкерлерді өзге де  құқық бұзушылықтарға арандатушылық әрекеттердің алдын алу мақсатында басқармаға кездейсоқ адамдардың ретсіз кіруіне тосқауыл қою мақсатында  басқармаға келушілердің басқармаға кіріп-шығу тәртібінің сақталу жағдайы бақылауға алынып, қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Мәтініде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар орын алу мүмкіндігі туралы мәліметтер баяндалған өтініш иелерінің басқарма басшысымен жеке қабылдауын ұйымдастырып, мұндай келеңсіз оқиғаларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға, алдын алуға бағытталған шаралар қабылдау әкімшілік және құқықтық жұмыстар бөліміне тапсырылған.

       Алайда, 2016 жылдың  9 айында басқарма қызметкерлеріне қатысты мұндай сипаттағы өтініштер тіркелмегендіктен, өтініш иелерімен басқарма басшылығының жеке қабылдауын ұйымдастыру қажеттігі туындаған жоқ.

         Мемлекеттік сатып алу конкурстарына жауапты мамандар арнайы ұйымдастырылатын семинарларға, оқуларға қатысып, өз біліктіліктерін арттыруда. Мысалы, 2016 жылдың 12-13 мамыры аралығында «2016 жылы ҚР мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және бақылау», «2016 жылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелері», «Электронды мемлекеттік сатып алулар – бағалық ұсыныс», «Электронды мемлекеттік сатып алулар – электрондық конкурс. Аукцион» тақырыптарында ««Эрудит Астана» оқу орталығы» ЖШС ұйымдастырған семинарға әкімшілік және құқықтық жұмыстар бөлімінің қызметкерлері Ғ.Маханбетова, И.Ишанбекова қатысып, 2016 жылы қолданысқа енгізілген мемлекеттік сатып алу заңнамаларын қолдану ерекшеліктерімен танысты.

         Әкімшілік және құқытық жұмыстар бөлімінің кадр қызметіне жауапты мамандар ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері ұйымдастыратын семинарларға қатысып тұрады.

Сонымен бірге, кадр қызметімен 2016 жылдың басынан бері басқарманың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына бес рет конкурс өткізіліп (2 ішкі конкурс және 3 жалпы конкурс), «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу жөніндегі комиссиясының жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында комиссия отырысына конкурстың әңгімелесу сатысына басқа мемлекеттік органдардан, Қызылорда облысының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері байқаушы ретінде шақырылды.

2016 жылдың 21 шілде күні басқарма қызметкерлері мен «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры ақпараттық жүйесінің облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңы. Мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуы. Мемлекеттік сатып алу кезінде жіберілетін заң бұзушылықтар», «Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Ү Заңы. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтардың алдын алу»,

«Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденіп алу немесе талан-таражға салудың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыптарында түсініктеме жұмыстарын жүргізу үшін семинар өткізілді. Семинарға «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Махшатов И.Б., Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің  Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас мамандары Аханов А.О., Жұмаев С.Б. шақырылды.

         Семинар барысында мемлекеттік сатып алулар бойынша заңнамадағы ерекшеліктер туралы, мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібі және мемлекеттік сатып алу кезіндегі құқық бұзушылықтар туралы,  әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік туралы,  сыбайлас жемқорлық туралы жалпы мәлімет, сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында алдыңғы қатарлы өзге елдер тәжірибесі туралы, заңнамадағы өзгерістер мен ерекшеліктер туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы және ішкі талдау туралы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алуы мүмкін жерлері, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалаудың ерекшеліктері, бағалау жүйесі және шетелдерде бағалау қалай жүргізілетіндігі, бағалау нәтижелері туралы ашық әрі ауқымды мәлімет берді.

         Семинар соңында семинарға қатысушылар тарапынан көптеген көкейкесті сұрақтар қойылып, қажетті жауаптар алынды.

         Жалпы, 2016 жылдың 9 айында басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықтар мен мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттер орын алған.

Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі

2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарының

2016 жылғы І жартыжылдықта орындалуы туралы Ақпарат.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдары талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында Қызылорда облысы аумағында таралатын «Сыр бойы» (21.01.2016ж.№-(19094), 21.04.2016ж. №58 (19143)), және «Кызылординские вести» (21.01.2016ж.№9-(18.096), 23.04.2016ж. №59-60 (18.146-18.147)) облыстық баспаларында басқарма басшылығының тұлғаларды қабылдау кестесі және 8/7242/60-54-89 «сенім телефоны», usag@korda.gov.kz. басқарманың электронды мекен-жайы жарияланған.

Бұған қоса, азаматтар мен заңды тұлға өкілдерінің өтініштеріне арналған «Арыз-шағым» жәшігі жасалып, ол басқарманың кіре берісіне, жұртшылыққа қол жетімді жерге орнатылды.

2016 жылдың І және ІІ тоқсанына арналған құқықтық оқу жоспарына сәйкес жаңадан қолданысқа енгізілген заңдар бойынша құқықтық оқытулар жүргізілді, оның ішінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» №152 Жарлығы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V  Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» №13 бұйрығы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бойынша.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралар туралы ақпаратты Қызылорда облысы әкімдігінің ресми веб-порталында орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында мақала жариялау белгіленген. Осыған орай басқарманың веб-сайтында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» арнайы тарауы ашылған.

Барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңдарынан үзінділермен және Әдеп кодексінің мәтінімен жазбаша түрде таныстырылды.

«Облыстық мекемелер үйі» ғимаратының басқармаға тиісті бөлігінде барлық қызметкерлерге көрінетін жерде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің Әдеп кодексінің» мәтіні, әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер орналастырылды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мүліктері мен табыстары туралы декларацияларын толығымен облыстық кірістер департаментіне 2016 жылдың 31 наурызына дейін тапсырды.

Мүдделі тұлғалар тарапынан мемлекеттік сатып алу процестерінің ағымына қатысты конкурстық комиссия мүшелеріне ықпал жасау және қызметкерлерді өзге де  құқық бұзушылықтарға арандатушылық әрекеттердің алдын алу мақсатында басқармаға кездейсоқ адамдардың ретсіз кіруіне тосқауыл қою мақсатында  басқармаға келушілердің басқармаға кіріп-шығу тәртібінің сақталу жағдайы бақылауға алынып, қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Мәтініде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар орын алу мүмкіндігі туралы мәліметтер баяндалған өтініш иелерінің басқарма басшысымен жеке қабылдауын ұйымдастырып, мұндай келеңсіз оқиғаларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға, алдын алуға бағытталған шаралар қабылдау әкімшілік және құқытық жұмыстар бөліміне тапсырылған.

Алайда 2016 жылдың  І жартыжылдығында басқарма қызметкерлеріне қатысты мұндай сипаттағы өтініштер тіркелмегендіктен, өтініш иелерімен басқарма басшылығының жеке қабылдауын ұйымдастыру қажеттігі туындаған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу конкурстарына жауапты мамандар арнайы ұйымдастырылатын семинарларға, оқуларға қатысып, өз біліктіліктерін арттыруда. Мысалы, 2016 жылдың 12-13 мамыры аралығында «2016 жылы ҚР мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және бақылау», «2016 жылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелері», «Электронды мемлекеттік сатып алулар – бағалық ұсыныс», «Электронды мемлекеттік сатып алулар – электрондық конкурс. Аукцион» тақырыптарында ««Эрудит Астана» оқу орталығы» ЖШС ұйымдастырған семинарға әкімшілік және құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы И.Махшатов, бас маманы Ғ.Маханбетова, маманы И.Ишанбекова қатысып, 2016 жылы қолданысқа енгізілген мемлекеттік сатып алу заңнамаларын қолдану ерекшеліктерімен танысты.

Әкімшілік және құқытық жұмыстар бөлімінің кадр қызметіне жауапты мамандар ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері ұйымдастыратын семинарларға қатысып тұрады.

Сонымен бірге, кадр қызметімен 2016 жылдың басынан бері басқарманың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына төрт рет конкурс өткізіліп (2 ішкі конкурс және 2 жалпы конкурс), «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу жөніндегі комиссиясының жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында комиссия отырысына конкурстың әңгімелесу сатысына басқа мемлекеттік органдардан, Қызылорда облысының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері байқаушы ретінде шақырылды.

Қорытындылай келе, басқарма бойынша 2016 жылдың І жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.

Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бойынша 2015 жылдың 12 айындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған шаралар туралы ақпарат.

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы»   № 815 қаулысына сәйкес, Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы Қызылорда облысының құрылыс басқармасымен біріктіріліп, қайта ұйымдастырылып, басқарманың атауы «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды (бұдан әрі -Басқарма).

Осыған сәйкес, басқарманың құрылымы жаңадан жасақталып, 25-мемлекеттік әкімшілік қызметші және  24-келісім шарт негізінде жұмыс жасайтын қызметші штат бірлігі уәкілетті органмен келісіліп жаңадан бекітілді.

Осыған байланысты, басқармада 2015 жыл көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында  бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды.

Нақтыласақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарының  5-тармағын және Қызылорда облысы әкімінің 2015 жылғы 3 маусымдағы №25 қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарының 1-тармағын орындау мақсатында басқарма басшысының 2015 жылғы 30 маусымдағы №116-НҚ бұйрығымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған»,  облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен 2015 жылғы 12 маусымда өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі облыстық комиссия мәжілісінің» 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1 хаттамалық шешімінен туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру бағытындағы және  басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Бекітілген жоспар бойынша белгіленген іс-шаралар толығымен жүзеге асырылды.  

Атап айтқанда:

  1. Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қудаланатын тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерді басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне таныстыру парағы әзірленді.

Таныстыру парағына сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша  жауапкершілік көзделген Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңынан, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен, Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінен үзінділер енгізіліп, басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілеріне таныстырылды және жеке істеріне тігілді.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексі туралы стенді әзірленіп, басқармада көпшілікке көрінетін жерге ілінді.

2. Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру, алдын алу және болдырмау мақсатында құқықтық оқулар өтікізу мақсатында 2015 жылдың 12 маусымында басқарма басшысының міндетін атқарушы М.Барақбаевамен басқарма қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін және құқықтық деңгейін арттыру бағытында 2015 жыл көлемінде өткізілетін құқықтық оқудың жоспары бекітілді.

 Бекітілген жоспарға сәйкес 2015 жылдың 10 шілде – 13 қараша аралығында басқарманың қызметкерлерінің арасында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 03.05.2005 жылғы №1567 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі» туралы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 10.03.2000  жылғы № 357 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы» Ережесі, «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінен анықтама алу тәртібі туралы, «Құрылысқа рұқсат алу рәсімінің реформасы туралы», «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 24.11.2014 жылғы № 511 бұйрығы, «Мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар туралы»,  «Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңы, «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іс-сапарлар туралы» Ережесі, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының  2014 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы   тақырыптарында құқықтық оқулар өткізілді.

Сонымен қатар, басқармада заң бұзушылықтың алдын алу бағытында 2015 жылдың 10 сәуірінде басқарма басшысының төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек стол өткізіліп, оған  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тарих және заң факультетінің мұғалімі шақыртылып сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары қызу талқыланды.

         Облыс әкімі Қ.Көшербаев пен облыс прокуроры С.Нұрпейісовтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі прокуратура алқасының бірлескен отырысының 2015 жылғы 19 ақпандағы № 3 хаттамасының 3.3. тармағын орындау мақсатында басқарма басшысының 2015 жылдың 07 сәуірдегі № 52-НҚ «Сынақ қабылдау туралы» бекітілген бұйрығы сәйкес ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы», «Ақпараттандыру туралы» Заңдарын және «Электрондық құжат айналымы ережесiн бекiту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысын білуге арналған басқарманың барлық қызметшілерінен сынақ қабылданды.

Сонымен қатар, ү.ж. 10 маусымынан бастап 25 маусым аралығында Қызылорда облысы әкімі аппаратының Қызылорда облысы бойынша «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» мекемесі мамандарының ұйымдастыруымен  басқарманың барлық қызметшілері қатыстырылып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Еңбек Кодексі», «Нормативті құқықтық актілер», «Электронды цифрлық қолтаңба», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы»,  «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағат туралы Заңдарын меңгеруге арналған семинар кеңес өткізілді.

3. Мүдделі тұлғалардың мемлекеттік сатып алу процестеріне заңсыз араласу, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық  және өзге де құқық бұзушылықтарға арандатушылық әрекеттерінің алдын алу, олардың жұмыс уақытында бөгде адамдармен ретсіз қарым-қатынасына тосқауыл қою мақсатында келушілердің басқармаға кіріп-шығу тәртібінің сақталу жағдайы бақылауға алынып, қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

4. Басқармада мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметшілердің мемлекеттік кірістер органына табыстары мен мүліктері туралы декларация тапсыру жағдайын, онда мәліметтердің толық көрсетілуін зерттеу жұмыстары  ұдайы жүргізіліп келеді.

Осыған орай, 2015 жылдың сәуір- шілде айлары аралығында  жобалау жұмыстары бөлімінің бас маманы лауазымына қабылданған Г.Абдрахманованың, әкімшілік және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы лауазымына қабылданған Ғ.Маханбетованың, экономика және жоспарлау бөілімінің бас маманы лауазымына қабылданған А.Ахметқалиеваның, құрылыс бөлімінің бас маманы лауазымына қабылданған Е.Шынтастың, әкімшілік және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы лауазымына қабылданған Ғ.Ибнажиповтың сәулет бөлімінің бас маманы лауазымына қабылданған Ғ.Ибрагимовтың, әкімшілік және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы лауазымына қабылданған Н.Нұртазаевтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментіне табыстары мен мүліктері туралы декларацияларын тапсыруы қамтамасыз етіліп, табыстары мен мүліктері туралы декларация тапсырылғандығы жөніндегі анықтамалары, олардың жеке істеріне тігілді. 

 Сонымен қатар, басқармада бұрыннан қызмет етіп келе жатқан 16 мемлекеттік  әкімшілік қызметші 31.03.2015 жылға дейін  табыстары мен мүліктері туралы декларацияларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментіне тапсырып, анықтамалары әкімшілік және құқықтық жұмыстар бөліміне өткізілген.

Басқармада мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің табыстары мен мүліктері туралы декларацияларын заңда көрсетілген мерзімнен кешіктіріп тапсыру жағдайы орын алған жоқ.

5. Басқарма қызметшілері тарапынан қызмет этикасының қатаң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері осы уақытқа дейін қызметке алғаш қабылданған барлық қызметшілерге мемлекеттік қызметте болуға байланысты «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңдарының және Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің талаптары қолдарын қойдыру арқылы жеке-жеке таныстырылды және жұмыс уақытында және одан тыс кезеңдерде қызметтік этиканы қатаң сақтау қажеттігі  барлық  қызметшілерге ескертілді.

Сонымен бірге, қызметкерлердің мемлекеттік қызмет этикасын бұзу және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың кез-келген көріністеріне жедел әрекет ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарындағы  жарияланымдарға моиторинг жүргізіп отыру жұмыстары жолға қойылды.

6. 2013 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында  № 5,7,8 орындалған жұмыстарды қабылдау актілеріне сәйкес орындалмаған жұмыстарды қабылдағаны яғни, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 4),5)-тармақшаларының бұзылуына жол бергені үшін  құрылыс бөлімінің бас маманы Қ.Шәріпов Шиелі аудандық прокуратурасының ұсынысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысындағы Тәртіптік кеңесінің «Қ.Шәріповтың тәртіптік ісі туралы» 2015 жылғы 22 қаңтардағы №1 шешіміне сәйкес басқарма басшысының 2015 жылдың 26 қаңтардағы № 05-ЖҚ бұйрығымен атқарып келген қызметінен босатылды.

Қызылорда облыстық прокуратурасының 2015 жылғы 19 қаңтардағы «Заңдылықты бұзушылықтарды және олардың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы» ұсынысымен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын бірнеше рет бұзып, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы Д.Нұрашеваға және әкімшілік бөлімінің басшысы Қ.Шағыровқа басқарма басшысының 13.02.2015 жылғы № 19-НҚ және 16.02.2015 жылғы № 20-НҚ бұйрықтарымен «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік шара көрілді.

Бұдан кейін Қ.Шағыров 16.02.2015 жылы басқармадан жұмыстан шығарылса, Д.Нұрашеваға қолданылған жазаның мерзімі 13.08.2015 жылы өткен.

Есепті мерзімде бұдан басқа басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер жасау және осындай әрекеттері үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолдану деректері тіркелген жоқ. 

7. Мәтінінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар орын алу мүмкіндігі туралы мәліметтер баяндалған өтініш иелерінің басқарма басшысымен жеке қабылдануын  ұйымдастырып,  мұндай келеңсіз оқиғаларға ықпал еткен жағдайларды жоюға, алдын алуға бағытталған шаралар қабылдау әкімшілік және құқықтық жұмыстар бөліміне тапсырылған.

Алайда, 2015 жыл көлемінде  басқарма қызметкерлеріне қатысты мұндай сипаттағы өтініштер тіркелмегендіктен, өтініш иелерінің басқарма басшысымен жеке қабылдануын  ұйымдастыру қажеттігі туындаған жоқ.

Сонымен бірге, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқарма басшылығына кедергісіз жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында  басқарма басшысы мен орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі мен 60-54-89 «Сенім телефоны» «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттеріне жарияланды.

Бұған қоса, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау жәшігі жұртшылыққа қолжетімді басқармаға кіре беріс жерге орналастырылып, жұмыс жасауда.

 8. басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпаратты Қызылорда облысы әкімдігінің веб-порталында орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарына мақала жариялау белгіленген.

Осыған орай, облыс әкімдігінің ресми веб-порталындағы басқарманың сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тарау ашылды.

Басқарманың іс-шаралар жоспары бойынша және басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау бағытында атқарылған шаралар облыс әкімдігінің ресми веб-порталындағы басқарманың сайтына жариялануда.

Жоспарда белгіленген іс-шараларды толық жүзеге асыру  үшін қажетті жұмыстар жүргізілді.

Елбасының 26.12.2014 жылғы  №  986 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясына» сәйкес басқарманың 2015 жылға әзірлеген жоспары толығымен орындалды.

11.01.2016 ж.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 11-01-2018 10:21

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика