Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 8-708-440-94-58 нөмірімен «WhatsApp» мессенджері жұмыс жасайды.
Аталған нөмірден жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың салық төлеушілері болып тіркелгендігіне, бақылау-кассалық машинасын қолданбау жағдайлары мен чекті ұсынбауға қатысты шағымдар мен өтініштер қабылданады. 
Сонымен қатар, осы нөмір арқылы жеке тұлғалар жер, мүлік және көлік құралдары салықтарының есептелуі, төленуі және қарыздарына қатысты ақпараттарды ала алады.
Шағымдар мен өтініштерді  жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) сағат 9.00-ден 18-30 дейін жіберуге болады.
Мамандар жедел және толық жауап беруге ынталы.
 
Қызылорда облысы бойынша 
Мемлекеттік кірістер департаменті
238390
 
Теги: 
Категория: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика