ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ЕКІ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ЕКІ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бүгін облыс әкімі Қ. Ысқақов Жаңақорған және Шиелі аудандарында жұмыс сапарымен болды. Жаңақорған ауданының Қожакент пен Сунақата ауылдық округтеріндегі  мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде салынған спорт кешендерінің  ашылу салтанатына қатысты. 

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КҮН ЭЛЕКТР  СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақов Тәуелсіздік күні қарсаңында баламалы негіздегі сағатына 50 мВт дейін күн энергиясынан қуат алатын «Байқоңыр Солар» электр станциясының  ашылуына қатысты.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 150 ОРЫНДЫҚ АУРУХАНА АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 150 ОРЫНДЫҚ АУРУХАНА АШЫЛДЫ
Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында Сыр өңірінде бірнеше нысан пайдалануға берілді. Облыс әкімі Қ.Ысқақов пен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішевтің қатысуымен Қызылорда облысы, Шиелі ауданында 150 орындық аурухананың ашылу салтанаты өтті.

240 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

240 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақов Тәуелсіздік күні қарсаңында Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан кредиттік көпқабатты салынған тұрғын үйлердің кілттерін салтанатты түрде табыстады. Бұл көпқабатты  тұрғын үйлер «Нұрлы-Жер» бағдарламасы аясында салынған.

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Орынбаев Ерсін Сейітханұлы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды. 

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Даулетова Ғалия Ноғайқызы Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды. 
Ғалия Ноғайқызы 1971 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік институтын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Қазақстан Кеңесі энциклопедиясы Бас редакциясының курьеры болып бастаған. 

ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Өтегенова Гүлмира Сейітбекқызы тағайындалды.

Қ.ЫСҚАҚОВ: МӘСЛИХАТ - ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР

Қ.ЫСҚАҚОВ: МӘСЛИХАТ - ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР
Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен ҚР мәслихаттарының25 жылдығына арналған "Жергілікті өкілді орган-мәслихаттардың өңір дамуындағы орны мен рөлі" тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына облыстық мәслихаттың бұрынғы хатшылары, ардагерлер, облыстық мәслихаттың 1-6 шақырылым депутаттары, аудандық мәслихаттардың 1-6 шақырылым хатшылары, ғалым-ұстаздар  қатысты. 

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІК АУЫЛЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІК АУЫЛЫ АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен "Үлгілі ауыл" байқауы қорытындыланды. Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – аудан (қала) ішілік,  екінші кезең - облыстық. Облыстық комиссия  аудан, қала әкімдіктері ұсынған ауылдық округтердің құжаттарымен танысып, бағалап, үздік ауылды анықтады.

Беттер

Subscribe to RSS - Новости региона

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика